«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, 2024 жылдың 13 қыркүйегінде сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Алматы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы.
- Корнеевка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту, заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы.
- «Есіл аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/163 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «2024 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/160 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.