Есіл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасы
|
6 қаңтар 2025 жыл Сағат 11:30 |
Өткізілген орны: мәслихат төрағасының кабинеті |
Отырысты ашты: аудан мәслихатының төрағасы Тұтқышев Е.М.
Құрметті қатысушылар
Ақпан айында ауданның қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталады.Осыған сәйкес жұмыс тобын құру рәсімі басталды, содан кейін жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын құрады.
Жергілікті деңгейде жұмыс топтарын мәслихат төрағасы құрады және бекітеді.
Отырыс жұмысына дауыс беру құқығынсыз бақылаушылар қатысады: Аманжолова Ғалия Ағыбайқызы, Корабельникова Светлана Владимировна.
Азаматтардың жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға бұрын берген өтініштерінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің тізімі қалыптастырылды, соттылықтың, психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтамалар талап етілді.
Жұмыс тобы мүшелерінің тізімі:
|
1
|
Қайрат Қабайұлы Успанов
|
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының депутаты
|
|
2
|
Ольга Ивановна Порядина
|
«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрағасының орынбасары
|
|
3
|
Алмас Қайыргелдіұлы Қоспанов
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» КММ ұйымдастыру және ақпаратық мәселелер жөніндегі бас маманы
|
|
4
|
Сейдолла Телібайұлы
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ жұмыспен қамту жөніндегі нұсқаушы
|
|
5
|
Татьяна Ивановна Красноштанова
|
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Есіл аудандық комитеті» филиалының есепшісі |
КҮН ТӘРТІБІ:
Мәслихат төрағасы Тұтқышев Е.М.: Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан Жұмыс тобының басшысы сайланады. «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрағасының орынбасары Порядина Ольга Ивановнаны жұмыс тобының жетекшісі етіп сайлауды ұсынамын.
Дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды?
Ұсыныс бірауыздан қабылданды.
«Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамын бекіту» екінші мәселесін қарауға көшеміз.
Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрамы бойынша ұсынымдарға сәйкес аудандық ОЖ-дағы мүшелер саны аудан халқының саны он бес мың адамға дейін 10 мүше шегінде айқындалады. Аудан халқының нақты саны 20 мың адамды құрайды. Қоғамдық кеңестің құрамын 11 адамнан бекітуді ұсынамын.
Дауыс берулеріңізді сұраймын. Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалды?
Ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Кім сөз сөйлегісі келеді?
Бірге қатысқандарыңыз үшін рахмет.
Жұмыс тобының басшысы О.Порядина