Ағымдағы жылдың 25 маусымында аудан мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Е.М.Тұтқышев, Явленка ауылдық округі әкімінің м.а. С.Қ.Бимақанов, аудан мәслихатының депутаттары Н.С.Жаукенов, А.Б.Ерғалиев, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ғ.А.Аманжолова мердігер ұйым асфальт жабынының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Явленка ауылының Жамбыл көшесінде болды. Сол жерге барған кезде жолдың асфальт жабыны бойынша жұмыстар аяқталды, жол жиектерін құм-қиыршық таспен толтыру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері «Болашақ» орталық саябағына барып, Явленка ауылының орталық саябағында балалар алаңын орнату бойынша жұмыстарды жүргізу барысын бағалады. Сапар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.