«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес 2024 жылдың 21 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Есіл ауданы мәслихаты аппаратының құрылымы, штат саны және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған шығыстарының жалпы сметасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/164 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.