Биылғы жылдың 23 қаңтарында Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына: Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Асқарұлы Ахметов және Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрлан Сергейұлы Елжасов қатысты.
Келесі мәселелер қарастырылды:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тарифтерді халық үшін бекіту туралы.
Баяндамашы: Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Асқарұлы Ахметов.
4. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы.
Баяндамашы: Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрлан Сергейұлы Елжасов.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.