«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 10 мамырында сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезекті төртінші сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетінің 2022 жылғы атқарылуы туралы есеп.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2022 жылғы атқарылуы туралы есеп.
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есіл ауданы бюджетінің 2022 жылғы атқарылуы туралы есебі.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатыының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26/309 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/173 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Явленка ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/186 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 2/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 7 қазандағы № 11/102 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы №19/231 шешіміне өзгерту енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы №46/290 шешіміне өзгеріс енгізу туралы