2023 жылдың 18 мамырында Есіл ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырыс жұмысында келесі мәселелер қаралды:
- Қоғамдық кеңестің құрамына бұрын кеткендердің орнына кандидатураларды бекіту.
- Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдерінің қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін бекіту.
- 2022 жылғы 21 ақпандағы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қоғамдық кеңесі туралы бекітілген ережеге өзгерістер енгізу.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобының тиісті шешімдері қабылданды.