Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.К.Баймұқанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Л.Әбілмажинова, Есіл ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің меңгерушісі Л.А.Табачук, білім бөлімінің бас маманы Р.К.Караданов, аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бас маманы А.А.Октябрь, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен айналысатын бөлімдер мамандары қатысты.
Келесі мәселелер қарастырылды:
1. Есіл ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің меңгерушісі Л.А.Табачуктың «Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы»;
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімінің ақпараты Н.Л.Әбілмажинованың «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»;
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының білім бөлімі» КММ Р.К.Карадановтың «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» ақпараттары.
Отырыс қорытындысы бойынша жасалған толықтыруларды ескере отырып, ұсыныстар берілді.