Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданы мәслихатының кезекті сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес 2022 жылдың 26 желтоқсанында жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы.

2. Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

3. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу келісу туралы.

4. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.

5. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің Луговое және Чириковка ауылдары аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекіту туралы.

6. «Николаевка, Заречный және Покровка ауылдық округтерінің ауылдары аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жоспарлары туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/77 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Есіл ауданы мәслихаты аппаратының құрылымы, штат саны және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған шығыстарының жалпы сметасы туралы.

8. 2023 жылы Есіл ауданы мәслихаты сессияларының қарауына енгізілетін негізгі сұрақтардың тізбесі туралы.

9. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының экономика және бюджет саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп.

10. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/137 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Дата публикации
26 декабря 2022
Дата обновления
26 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 сентября 2026
45-сессияның материалдары
23 сентября 2026
46-сессияның материалдары
02 сентября 2026
Қызметтік әдепті қадағалау жөніндегі жиналыс

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы