«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағына, 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес 2022 жылдың 21 қыркүйегінде жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- «Жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының тұрақты комиссиялары туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Есіл аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 35/203 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.