«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 19/231 шешіміне өзгерту енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы №19/231 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының осы шешімінің жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді.
Осы шешімнің жобасы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 113 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінке өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Шешімнің бұл жобасы тіркеуге жатпайды, өйткені ол үлгілік қағидалар негізінде әзірленген нормативтік құқықтық акт (бұдан әрі – НҚА) болып табылады және ол әділет органдарына тіркеуге жіберілмейді. Мәслихат сессиясында НҚА әзірлеу мен бекітудің барлық рәсімдерінен өткеннен кейін ол тиісті заңнамаға сәйкес ҚР НҚА эталондық бақылау банкіне жариялауға жіберілетін болады.
Әдістеме "Б" корпусы мемлекеттік қызметшісі қызметінің негізгі нысаналы индикаторларын бағалау тәртібін айқындайды.
Ережені қабылдау қаржылық шығындарды қамтымайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Барлық мүдделі азаматтар жоғарыда аталған жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14609332
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
төрағасы Е.Тұтқышев