GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәслихат сессиялары
06 октября 2026
Марапат мұғалімдер күні

 

Марапаттау

 

Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Абеновтың 2026 жылғы 2 қазандағы №45 НҚ өкіміне сәйкес ауданның білім беру саласын жетілдіруде, оның ішінде өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жемісті еңбектері үшін және «Мұғалім күні» кәсіби мерекесіне орай Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

 

Кабылова Кулайым Талиповна

-

Мойынқұм атындағы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Мойынқұм ауылы;

 

Ибраева Эльмира Аманкуловна

-

«Ақ қайың» санаторлық бөбекжай бақшасының әдіскері, Төле би ауылы;

 

Тулешева Салтанат Ыдышовна

-

Техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы, Төле би ауылы;

 

Абдраманов Дармен Бахытбекович

-          

- №40 мектеп лицейінің информатика  пәнінің мұғалімі, Шу қаласы.

 

 

Қоғамдық кеңес
22 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

       Шу ауданының қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 22 қыркүйек күні кеңес отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Б.Жәнібеков, мәслихат төрағасы Ж.Әбенов, Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Абай, Шу қаласы, ауылдық округтер әкімдері, жекелеген мекеме басшылары, кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.Қоғамдық кеңес отырысын кеңес төрағасы Т.Әрістеев жүргізіп отырды. Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: «Қонаев ауылы әлеуметтік экономикалық дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және салықтық түсімдердің орындалуы және жұмсалуы туралы» және «Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2025 жылы және 2026 жылдың 8 ай қортындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы» Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қонаев ауылының әкімі Н.Нұрмағамбетов есеп берді. Есепті қарау және талқылау барысында қеңес төрағасы Т.Әрістеев, Ж.Чекаев, сауалдар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Қаралған мәселе бойынша кеңес отырысы тиісті ұсынымдар қабылдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлаубөлімінің басшысы Д.Ахылбекова есеп берді. Есепті қарау және талқылау барысында қеңес төрағасы Т.Әрістеев, кеңес мүшелері Қ.Қораласпаев, Б.Қарғабаев, С.Абдуманапов, Е.Әбішев, Е.Қартайған сауалдар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Мәселені қарау мен талқылаудың қортындысы бойынша кеңес отырысы ұсынымдар қабылдады. Осымен кеңес отырысы өз жұмысын аяқтады.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
10 сентября 2026
Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес, комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес 2026 жылғы 10 қыркүйек күні комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Отырысқа мәслихат төрағасы Ж.Абенов, аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Бірлескен отырысты тұрақты комиссияның төрағасы Н.Разимбеков жүргізіп отырды.

Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

  1. Ауданда басымды бағыттар бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарының жәйі туралы.
  2. Аудандағы салық түсімдерінің орындалу барысы және салықтық базаны арттыру бағытындағы жұмыстар туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және, құрылыс бөлімінің басшысы С.Оңланбеков, аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Каликов хабарлама жасап, есептер берді. Хабарламаны және есептерді талқылау барысында депутаттар А.Айтжанов, Ұ.Абуов, Б.Онбаев, Л.Жүнісалиева, А.Бекмурзина сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д.Жигитекев хабарлама берді. Хабарламаны қарау және талқылау барысында тұрақты комиссия төрағасы Н.Разимбеков, Шу аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Абенов, депутаттар Ұ.Абуов, А.Айтжанов сұрақтар қойып оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасы Н.Разимбеков қорытындылады және депутаттармен қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.

Мәслихат сессиялары
28 августа 2026
Марапат

Марапаттау

 

Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Абеновтың 2026 жылғы 27 тамыздағы №39 НҚ өкіміне сәйкес ауданның білім саласын жетілдіруде, оның ішінде өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жемісті еңбектері үшін және мұғалімдердің Тамыз кеңесіне орай Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

 

Булутбаева

Гулбаршын Адильхановна

-

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, Шу қаласы;

 

Абдиева

Құралай Абиртиллаевна

-

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Шу қаласы;

 

Ахметжанова

Толкын Мэлсқызы

-

М.Әуезов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, Төле би ауылы;

 

Сейткадырова

Алия Сейпилдаевна

-

Абай атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Шу қаласы;

 

Рахымова

Эльмира Кадирхановна

-

«Мөлдір» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі, Шу қаласы

Мәслихат сессиялары
01 августа 2026
Марапат

Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Абеновтың 2026 жылғы 29 шілдедегі №33 НҚ өкіміне сәйкес ауданның көлік саласын дамытуға сіңіріп жүрген көп жылғы жемісті еңбектері үшін және «Теміржолшылар күні» кәсіби мерекесіне орай Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

Алханов Марлен Габитович - «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалы директорының орынбасары;
Байкулов Рамил Батырбекович - «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалының бас инженері;
Юсупов Береке Корабаевич - «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филалының СМД өндірістік телімінің бастығы;
Джетибаев Ерлан Кенесбекович - «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалы Шу-1 өнідірістік телімінің бастығы.

Шу аудандық мәслихат төрағасының Ж.Абеновтың 2026 жылғы 31 шілдедегі №34 НҚ өкіміне сәйкес ауданның көлік саласын дамытуға сіңіріп жүрген көп жылғы жемісті еңбектері үшін және «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

Ахметжанова Гүлжан Ақбергеновна - «Ақ жол-2000» ЖШС-нің фельдшері;
Мажираева Бурулай Орунбековна - «Ақ жол-2000» ЖШС-нің диспетчері.

10 июля 2026
Марапат

Марапаттау

Шу аудандық мәслихат төрағасы Ж.Абеновтың 2026 жылғы                    7 шілдедегі №31 НҚ өкіміне сәйкес ауданның ветеринария саласына сіңіріп жүрген жемісті еңбектері үшін және «Ветеринария күні» кәсіби мерекесіне орай:  

 Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

 

 

Маулеткулов Али Тимурұлы

-

Ескішу ауылдық округінің  ветеринариялық пунктінің меңгерушісі;

Жұмаділ Нұркен Нұрдәулетұлы

-

Жаңақоғам ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі;

Финадел Даулет Болатханұлы

-

Далақайнар ауылының округінің ветеринариялық пунктінің ветдәрігері;

Нұрлыбекұлы Ерболат

 

-

Шоқпар ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің ветдәрігері;

Сапарбеков Жандос

Бақтыбекұлы

 

Ақсу ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің ветфельдшері.

Қоғамдық кеңес
08 июля 2026
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

 

                              Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

 

    Шу ауданының қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 08 шілде  күні  кеңес отырысы өтті.

   Отырысқа  аудан әкімі Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасарлары Н.Сұлтанбаев, С.Пернеш, мәслихат төрағасы Ж.Әбенов, Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Абай, Шу қаласы, ауылдық округтер әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, жекелеген мекеме басшылары, кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.Қоғамдық кеңес отырысын кеңес төрағасы Т.Әрістеев жүргізіп отырды.

   Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: «Шу қаласын және Төле би ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында  атқарылып жатқан жұмыстар және салықтық түсімдердің орындалуы мен жұмсалуы туралы» және «Аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2025  жылы  және 2026 жылдың 5 ай қортындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы»

   Күн тәртібіндегі  бірінші және екінші мәселелер бойынша Шу қаласының әкімі Е.Нуралиев, және  Төле би ауылдық округінің әкімі А.Рахимкулов  есеп берді.          

      Есептерді қарау және талқылау барысында қеңес төрағасы Т.Әрістеев, мәслихат төрағасы Ж.Әбенов және кеңес мүшелері Б.Қарғабаев, С.Абдуманапов,Т.Мұсаева, Г.Инкарбекова, Е.Әбішев, Ж.Чекаев, Р.Шоңбаев, сауалдар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

          Қаралған мәселелер бойынша кеңес отырысы тиісті ұсынымдар қабылдады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру  бөлімінің  басшысы Қ.Мауленов  есеп берді.

Мәселені қарау мен талқылаудың қортындысы бойынша кеңес отырысы ұсынымдар қабылдады.

Осымен кеңес отырысы өз жұмысын аяқтады.

 

Депутаттық қызмет
07 июля 2026
Құрылтай 23 тамыз*Жаңару үшін дауыс бер!
Мәслихат сессиялары
24 июня 2026
Марапат

        Марапаттау

 

Шу аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Б.Ниязбековтың 2026 жылғы 22 маусымдағы №28 НҚ өкіміне сәйкес ауданның құқық қорғау саласына сіңіріп жүрген жемісті еңбектері үшін және «Полиция күні» кәсіби мерекесіне орай келесі қызметкерлер

 Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

Біжікей Жанғазы Трудоденұлы

Шу станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының инспекторы полиция лейтенанты;

Тұрсынхан Ертай Маратұлы

Шу станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының инспекторы полиция лейтенанты;

Мусабек Айсұлу Баракқызы

Жамбыл облысы полиция департаменті Шу аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы;

Исмаханов Нурсултан Кенжеханулы

Жамбыл облысы полиция департаменті Шу аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірбие тобының инспекторы;

Татыбай Нұрсұлтан Маратұлы

Жамбыл облысы полиция департаменті Шу аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы

                                            Марапаттау

Шу аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Б.Ниязбековтың 2026 жылғы 22 маусымдағы №29 НҚ өкіміне сәйкес ауданның мемлекеттік қызмет саласына сіңіріп жүрген жемісті еңбектері үшін және «Мемлекеттік қызметші күні» - кәсіби мерекесіне орай келесі мемлекеттік қызметшілер

Шу ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды:

Бухарбаева Гулмира Бисмаковна

Шу аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының бас маман-қазынашысы;

 

Сиыршиева Мақпал Муратхановна

Көкқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

 

КамзаевКуаныш Курманбекович

Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

 

Ниязбаева Гүлзира Амантайқызы

Қонаев ауылы әкімі аппаратының бас маманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәслихат сессиялары
24 июня 2026
Марапат

Мемлекеттік қызметшілер күні

 

Үстіміздегі жылдың 23 маусым күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында «Мемлекеттік қызметшілер күні» - кәсіби мерекесіне орай облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Бұл жиынға облыс аумағындағы мемлекеттік органдардың, облыс аудандарының өкілдері мен осы саланың ардагерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі              Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет саласының дамуына сіңіріп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілерге ведомствалық наградаларды табыс етіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 11 маусымдағы №94 бұйрығымен мемлекеттік қызметтегі көпжылғы жемісті еңбегі үшін Шу аудандық мәслихат аппаратының басшысы Серікбай Ешмаханбетұлы Сасықбаев «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен наградталды. Бұл награданы аймақ басшысы Е.Қарашөкеев өзі тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін елеп, осындай қолдау шаралары осы салада жұмыс жасап жүрген, әсіресе жас мемлекеттік қызметшілерді ынталандырып, жігерлендіретіні сөзсіз.  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы