«Шу ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №65-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шу аудандық мәслихаты : ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ
1. «Шу ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №65-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4645 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы «150» деген саны «800» деген санымен ауыстырылсын.
2. «Шу аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шу аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін. Редакциялау күні 05.03.2024 Сақтау күні 03.02.2026 Дата редакции 05.03.2024 Дата скачивания 03.02.2026 Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкі Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының мәслихат төрағасы Ж. Абенов