Шу ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының
бос орындарына сайлау өткізу туралы
Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты Шу ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына сайлау өткізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының бос орнына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 3 ақпаннан 18 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (№1 қосымша);
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері(№2,3 қосымша).
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының бос орнына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидатуралар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №129/624 қаулысымен бекітілген «Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ Орталық сайлау комиссияларының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларында мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы куәлігі толуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының бос орындарына ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 3 ақпаннан 18 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Шу аудандық мәслихат
Шу аудандық мәслихаттың төрағасы–Абенов Жасұлан Әлкенұлы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Төле би ауылы, Төле би көшесі, 274 үй.
Жауапты адам – Бұзаубаева Сымбат Несіпбайқызы, каб.№12, қалааралық телефон коды (872638), қызметтік телефоны 3-18-31, электрондық пошта мекен жайы shymaslihat@mail.ru
Шу ауданының аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларындағы бос орындар:
|
№
|
Сайлау комиссия сының атауы, нөмірі |
Сайлау комиссиясының мекен жайы |
Бос орын |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссия |
Төле би ауылы |
Төле би |
№143 |
3 |
|
2 |
№418 |
Төле би ауылы |
Б.Шолақ |
№49а |
2 |
|
3 |
№420 |
Төле би ауылы |
Егемберді |
№21 |
1 |
|
4 |
№421 |
Төле би ауылы |
Балуан Шолақ |
№197А |
1 |
|
5 |
№425 |
Бірлікүстем ауылы |
Ж.Масатбаев |
№28А |
2 |
|
6 |
№426 |
Жаңа Жол ауылы |
И.Мамедгасанов |
№76 |
1 |
|
7 |
№427 |
Белбасар ауылы |
Е.Бекқожаев |
№78 |
1 |
|
8 |
№429 |
Көкқайнар ауылы |
Қ.Кішібай |
№35 |
1 |
|
9 |
№430 |
Оразалы батыр ауылы |
І.Жансүгіров |
№1а |
1 |
|
10 |
№437 |
Жиенбет ауылы |
Тілеуғабыл |
№11 |
1 |
|
11 |
№440 |
Бәйдібек ауылы |
Т.Әшімбаев |
№2 |
2 |
|
12 |
№441 |
Бөлтірік ауылы |
Темірқазық |
№1 |
1 |
|
13 |
№442 |
Балуан Шолақ ауылы |
Байболат |
№53 |
1 |
|
14 |
№443 |
Көктөбе ауылы |
Жамбыл |
№76 |
1 |
|
15 |
№444 |
Далақайнар ауылы |
Қосы батыр |
№6 |
1 |
|
16 |
№448 |
Шу қаласы |
Сыпатай батыр |
№134 |
1 |
|
17 |
№450 |
Шу қаласы |
Едіге |
№2Б |
1 |
|
18 |
№452 |
Шу қаласы |
Айнакөл |
№25 |
1 |
|
19 |
№454 |
Шу қаласы |
Қарасу |
№2 |
1 |
Шу аудандық мәслихат