Шу ауданының 2024-2025 жылдарға арналған "Шу -Қауіпсіз аудан" профилактикалық іс-шаралар бағдарламасы туралы

Шу ауданының 2024 – 2025 жылдарға

арналған «Шу – Қауіпсіз аудан» профилактикалық

іс-шаралар бағдарламасы туралы

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14 бабы 3 тармағына сәйкес Шу ауданының 2024 – 2025 жылдарға арналған «Шу – Қауіпсіз аудан» профилактикалық іс-шаралар бағдарламасын қарай және талқылай келе, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шу ауданының 2024 – 2025 жылдарға арналған «Шу – Қауіпсіз аудан»

профилактикалық іс-шаралар бағдарламасы туралы» аудан әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары Н.Сұлтанбаевтың есебі, Шу аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары Р.Қуанышбаевтың, Шу станциясындағы желілік полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары Е.Сеңгірбаевтің, Жамбыл облысы полиция департаментінің ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы А.Ильясовтың, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Шу аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Кунчашовтің хабарламалары назарға алынсын және орын алған кемшіліктер аталып өтілсін.

  1. Аудан әкімі Б.Жәнібековке:
  • Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу

мақсатында елді мекендердегі халық көп жиналатын орындарға, көшелерге, автожолдарға бейне бақылау камераларын орнату жұмыстарын жандандыру;

  • Елді мекендердегі учаскелік полиция қызметкерлеріне қолайлы жағдай

жасау мақсатында жекелеген елді мекендерде учаскелік пунктерді жаңадан соғу, оларды материалдық-техникалық қамту тетіктерін қарастыру ұсынылсын.

  1. Аудан әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары

Н.Сұлтанбаев:

     1) Қылмыстардың, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауданның құқық қорғау органдарымен, білім бөлімімен, қала, ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесе елді мекендердегі зиялы қауым өкілдерін қатыстыра отырып түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізілуін ұйымдастырсын;

     2) Құзырлы органдармен бірлесе отырып, профилактикалық рейдтік іс-шаралардың тұрақты жүргізілуін қолға алсын. 

  1. Шу аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Мұсақұловқа:
  • Аудан аумағында қылмыстардың, оның ішінде ауыр және аса ауыр,

ауыр дене жарақатын келтіру, қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстардың, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдау;

  • Аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын

жүйелі жүргізу;

  • Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнде көшеде, ойын-сауық

орындарында жүрулерін және оларға дүкендерде темекі, ішімдік заттарын сатуларын шектеу жұмыстарын күшейту ұсынылсын.

  1. Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысы

Р.Таштенхановқа:

     1) Теміржол бойында қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша нақты шаралар қабылдау ұсынылсын.

  1. Жамбыл облысы полиция департаментінің ауданаралық есірткі

қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы А.Ильясовқа:

  • Аудан аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау, оларды тасымалдау,

өткізу, сату қылмыстарының алдын алу шараларын жүргізу;

  • Жасөспірімдер мен ересек адамдардың есірткіге тәуелділіктілігін

уақытылы анықтауға, сондай-ақ жасөспірімдердің есірткі заттарының тұтынуының алдын алу бойынша пәрменді шаралар қабылдау ұсынылсын.

  1. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шу аудандық

пробация қызметі бөлімінің бастығы М.Булатбековке:

  • Сотталып шыққан тұлғалармен жеке профилактикалық әңгімелерді

жүйелі жүргізіп, «Мансап» орталығы және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе оларды тұрақты жұмыс орындарымен қамту, қайта әлеуметтендіру бағытындағы жұмыстарды одан ары жандандыру ұсынылсын.

  1. Аудандық прокуратураға:

«Шу ауданының 2024 – 2025 жылдарға арналған «Шу – қауіпсіз аудан» профилактикалық іс-шаралар бағдарламасында» белгіленген индикаторлардың толыққанды орындалуын қадағалау жұмыстарын тұрақты бақылауды күшейту ұсынылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты

комиссияларының мүшелеріне жүктелсін.

Дата публикации
29 декабря 2025