Шу ауданының Қоғамдық
кеңесі отырысының
2026 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 7 хаттамалық шешімі
Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2025-2026 жылы 8 айында атқарылған жұмыстары туралы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекованың есебін талқылай келе және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Шу ауданының қоғамдық кеңесі төмендегідей ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлаубөлімінің басшысы Д.Ахылбекованың есебі назарға алынсын.
2. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбековаға:
1) Қызмет көрсету мерзімдерінің және қызмет көрсету тәртіптерінің бұзылмауын назарға алу;
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тұрғындарға (қызмет алушыларға) электронды түрде қызмет көрсетудің артықшылықтары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
3) Қызмет алушылардың өтінімдеріне дәлелді бас тарту кезінде, бас тартудың нақты себебін, қолданыстағы НҚА-ға сілтеме жасай отырып көрсету;
4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидаларын түсіндіру бойынша халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізу;
5) Әлеуметтік желі мен БАҚ-қа жүйелі түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар мен атқарылған жұмыстар жөнінде жарияланымдар шығару ұсынылсын.
3. Осы ұсынымдардың орындалуын бақылау қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелсін
Қоғамдық кеңес төрағасы Т.Әрістеев