
Аудандық мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова мен депутат Ғ. Даитова «Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының жаңа учаскелерінде су құбыры желілерін салу» жобасының іске асырылу барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстарын Талдықорған қ. «Колсай Строй» ЖШС орындайды. Техникалық қадағалауды «Бестау С» ЖШС, авторлық қадағалауды «Ай Су» ЖШС жүзеге асырады. Бүгінгі таңда су құбырын төсеу, 2 пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сорғы станцияларына электр беру желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба ауыспалы: 2021 - 2022 жылдары 123,85 млн.теңге бөлінді. 2023 жылға республикалық бюджеттен 528,62 млн. теңге сомасы (артық бөлінген қаражатты ескере отырып) бөлінді . Жобаның сметалық бөлігіне түзету жүргізілуде. Жобаны іске асырудың аяқталуы 2024 жыл.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы