№ 8С-50/9 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының

ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын

бекіту туралы кейбір шешімдерінің

қолданылуын тоқтата тұру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, елді мекендер аумақтарының кешенді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, жерді ұтымды пайдалану мақсатында, Шортанды аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша, саяжай жүргізу үшін берілуі мүмкін мемлекет меншігіндегі жер учаскелері бойынша тұрғын үй функционалдық аймағы (үй - жайлық құрылысы), қала құрылысы жобаларының жеке тұрғын үй құрылысы аумағы бөлігінде ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің қолданылуы осы шешімнің қосымшасына сәйкес тиісті түзетулер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Осы шешімнің күші оның қабылдануына дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Шортанды аудандық

мәслихатының төрағасы                                      Г. Сәдуақасова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шортанды ауданының әкімі

______________С. Шабаров

2026 жылғы 31 наурыз

 

«Шортанды ауданының құрылыс,

сәулет және қала құрылысы бөлімі»

____________ ММ басшысы С. Мерей

2026 жылғы 31 наурыз

 

«Шортанды ауданының жер

қатынастары және ауыл

шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы

____________ Н. Қантаев

2026 жылғы 31 наурыз

 

Шортанды аудандық мәслихатының

        2026 жылғы 31 наурыздағы

  № 8С-50/9 шешіміне қосымша

 

 

Ауылдық елді мекендердің тұрғын үй функционалдық аймағы (үй - жайлық құрылысы), жеке тұрғын үй құрылысы аумағы бөлігінде тоқтатыла тұруға жататын бас жоспарларын бекіту туралы Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі

  

  1. Шортанды аудандық маслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С-45/4 «Бозайғыр ауылының егжей – тегжейлі жоспарланған жобасын және басты жоспарды бекіту туралы» (2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
  2. Шортанды аудандық маслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы  № С-64/5 «Шортанды ауданы Бозағыр ауылының (оңайлатылған бас жоспардың нұсқасы) дамыту және салу схемаларын түзетуін бекіту туралы» (2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
  3. Шортанды аудандық маслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С-45/3 «Шортанды кентінің егжей – тегжейлі жоспарланған жобасын және басты жоспарды бекіту туралы» (2027 жылғы 30 маусымға дейін);
  4. Шортанды аудандық маслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/12 «Топографиялық түсіріліммен Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған ңұсқасы) бекіту туралы» (2027 жылғы 30 маусымға дейін).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2026