№ 8С-50/2 шешім (Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы)

Шортанды ауданы әкімінің

өзіне жүктелген функциялар мен

міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы

 

 

Шортанды ауданының әкімі С. С. Шабаровтың ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебін тыңдап, талқылай келе Шортанды аудандық мәслихаты жергілікті атқарушы органдардың қызметі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға және аудан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 29,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 2 есеге артық. Инвестициялардың негізгі үлесі жеке салымдарға тиесілі, олар 20,4 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 70%-ға жуығын құрады, бұл қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасқанын куәландырады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 млрд. теңгеге артық.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метрге жетті.

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 175,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 102,2%.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 54,3 млрд. теңгенің, ал өңдеу өнеркәсібінде 119,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Ауданда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда, оның ішінде кірпіш зауыттарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын салу, орман питомниктерін, туризм және өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерін құру.

Төңкеріс станциясында құны 1,5 млрд. доллар тұратын бидайды терең өңдеу бойынша биотехнологиялық кешен салу жоспарлана отырып, 960-ға жуық жұмыс орнын құрумен республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құру жобасының ерекше маңызы бар.

Ауыл шаруашылығы саласында өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді. Дәнді дақылдардың түсімділігі гектарынан 17,1 центнерді құрады, бұл соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Сонымен бірге мал шаруашылығы саласында жекелеген көрсеткіштердің төмендеуі байқалады, осыған байланысты осы бағытты дамыту бойынша қосымша шаралар қабылдау талап етіледі.

Шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жалғасуда. Ауданда 1500-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 бірлікке артық.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 9,9 млрд. теңгені, көтерме сауда айналымы - 14,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6 есеге артық.

Ауданда сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жол желісі және көшелерді жарықтандыру жүйелерін дамыту бойынша инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Ключи ауылындағы су құбырының құрылысы, Шортанды кентіндегі су құбыры желілерін қайта жаңарту, ауданның елді мекендеріндегі автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында Бозайғыр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 93% -ды құрайды, ағымдағы жобалардың аяқталуымен көрсеткішті 97% -ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 7,4 млрд. теңге түсті, оның ішінде аудандық бюджеттің меншікті кірісі 3,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары.

Аудан бойынша орташа айлық жалақы 430,9 мың теңгеге жетті, бұл ретте аудан осы көрсеткіш бойынша облыста бірінші орын алады.

Жалпы, жекелеген проблемалық мәселелерге қарамастан, ауданда экономикалық тұрақтылық пен дамудың оң динамикасы қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданының әкімі С. С. Шабаровтың есебі бекітілсін.

2. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, инвестицияларды тарту және аудан экономикасын дамыту бойынша оң жұмысы атап өтілсін.

3. Шортанды ауданының әкімдігіне, кент және ауылдық округ әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына ұсынылсын:

- әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері мен индикаторларын сақтау және жақсарту;

- мал шаруашылығы саласын дамыту, қазіргі заманғы мал шаруашылығы кешендерін құру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту жөнінде қосымша шаралар қабылдау;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайту және қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

- ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау шараларын күшейту, оның ішінде ұсақ фермерлердің субсидиялау бағдарламаларына, техникаға, ғылымға қолжетімділігін кеңейту;

- инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- ауыл кәсіпкерлігін қолдауды қоса алғанда, шағын және орта бизнесті дамытуды жандандыру;

- сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жол құрылысы және елді мекендерді абаттандыру салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету;

- тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және азаматтардың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

- Төңкеріс станциясында республикалық индустриялық аймақты дамыту және жаңа инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау;

- бюджет қаражатының тиiмдi пайдаланылуын және жобалардың белгiленген мерзiмде iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету.

4. Настоящее решение вступает в силу со дня его принятия.

 

 

Аудандық

мәслихат төрағасы                                                             Г. Сәдуақасова

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2026