№ 8С-50/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымның

кезекті елуінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті елуінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: Шортанды ауданының әкімі - С. С. Шабаров.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-35/4 «Шортанды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/8 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтініштерін қарастыру жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы кейбір шешімдерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы.

9. Аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                             Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2026