Депутаттық өкiлеттiк пен әдеп, жастар iсi, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртiбi мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2026 жылғы 19 наурыз № 4 Шортанды к.
Шортанды ауданында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы орындау жөніндегі жұмыс туралы
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш. Х. Ахметованың Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы ақпаратын тыңдап, талқылай отыра аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ауданның мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.
Аудан әкімдігі жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия жұмыс істейді, оның отырыстары тұрақты негізде өткізіледі. 2025 жылы комиссияның төрт отырысы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық штаб құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізіледі: тікелей эфирлер, тақырыптық кездесулер, семинарлар ұйымдастырылады, ақпараттық материалдар таратылады. Мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды жеке қабылдаулар мен халықпен кездесулер өткізеді.
Жастар ресурстық орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер мен фильмдер дайындап, олар әлеуметтік желілерде орналастырылған. Ақпараттық материалдарды тарату бойынша акциялар, білім беру мекемелерінде тақырыптық кездесулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы фильмдер мен роликтердің профилактикалық көрсетілімдері өткізіледі.
Аудандық орталық кітапхана халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Әлеуметтік желілерде және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдар үнемі жарияланады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде педагогикалық ұжымдармен кездесулер, мемлекеттік қызметшілермен семинар-тренинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы әлеуметтік роликтердің онлайн-конкурсы өткізілді.
Халыққа, оның ішінде «Халық заңгері» республикалық акциясы және «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы шеңберінде құқықтық кеңес беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі жұмыс істейді.
Жалпыға бiрдей құқықтық оқыту шеңберiнде бағынышты адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының дербес жауапкершiлiгi, мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың жақын туыстарының сыйлықтар алуына толық тыйым салу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларымен жұмыс жүргiзiледi. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзуға жол бермеу мақсатында әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап-арыз беру тәртібі тұрақты негізде түсіндіріледі. Аудан аумағында қызметтік автокөлік құралдарын пайдалануды бақылау бойынша жұмыс тобы құрылды.
Ауданның мемлекеттік органдарында жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. 2025 жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ.
Сонымен бiрге одан әрi шешудi талап ететiн бiрқатар проблемалық мәселелер бар. Мыналар секілді:
- өтініштерді уақтылы тіркемеуге, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін нәтижелерді беруге және құжаттар топтамасын толық ұсынбауға байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтарының болуы;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың жекелеген қызметкерлерін даярлау деңгейінің жеткіліксіздігі, оның ішінде біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі;
- электрондық форматқа көшірілмеген мемлекеттік қызметтердің болуы, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасауы мүмкін;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жекелеген ақпараттық жүйелердің шектеулі мүмкіндіктері, атап айтқанда құжаттар пакеті толық болмаған кезде өтінімдерді қабылдамау және бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберу үшін функционалдың болмауы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, 2022 жылғы 2 ақпандағы Президенттің № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау жөніндегі жұмыс туралы» Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш. Х. Ахметованың ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының әкімдігіне ұсынылсын:
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырсын;
- ауданның мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейтсін;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзу фактілерін болдырмай, оларды көрсету кезінде заңнаманың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз етсін;
- мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;
- мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оларды көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын;
- мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі түрде ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз етсін;
- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылауды күшейтсін;
- жаңадан қабылданатын қызметкерлерге кінәлі мәліметтердің болуына тексеру жүргізу бөлігінде персоналды басқару қызметінің жұмыс деңгейін арттыруға, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге, мемлекеттік қызметте қабылданған шектеулерді сақтасын;
- қызметтік автокөлікті жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бюджетке әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеуі және ауданның мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдансын;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және ауданның коммуналдық меншігінің тиісті пайдаланылуына тиімді бақылауды жүзеге асырылсын.
3. Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдары:
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін;
- бағынысты қызметкерлердің қызметіне ішкі бақылауды күшейтсін;
- еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, қызметтік әдеп және мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі мәселелері бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізілсін;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты
комиссияның төрағасы Ғ. Даитова