Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2026 жылғы 19 наурыз № 6 Шортанды к.
Раевка, Пригородный және
Бектау ауылдық округтері
әкімдерінің есептері
Раевка, Пригородный және Бектау ауылдық округтері әкімдерінің атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдап және талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы жергілікті атқарушы органдар округтерді әлеуметтік-экономикалық дамыту, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу, елді мекендерді абаттандыру және халықтың тіршілік әрекеті бойынша белгілі жұмыстары жүргізіп жатқанын атап өтті.
Сонымен бірге, округтердің экономикасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту, халықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және ауылдық аумақтардың әлеуетін неғұрлым толық пайдалану мәселелері одан әрі назар аударуды талап етеді.
Ауылдық округтерді одан әрі дамыту мақсатында Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. М. Т. Мұқашев Раевка ауылдық округі, Н.Л. Пистрюга Пригородный ауылдық округі және Д. Баянды Бектау ауылдық округі әкімдерінің есептері назарға алынсын.
2. Ауылдық округ әкімдеріне ұсынылсын:
- депутаттар мен халықтың ұсыныстарын ескере отырып, округтерді тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, экономикалық әлеуетті арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылдансын;
- дамудың басым бағыттарын, нақты іс-шараларды, орындау мерзімдерін және жауапты тұлғаларды айқындай отырып, ауылдық округтерді дамытудың ұзақ мерзімді жоспары әзірленсін;
- инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және оларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жүйелі жұмысты қамтамасыз етсін;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру, жаңа бизнес субъектілері мен тұрақты жұмыс орындарын құруға жәрдемдесін;
- «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-мен бірлесіп, шаруашылық жүргізуші субъектілермен қызметкерлердің жалақы деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізсін;
- ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етсін;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көздер есебiнен қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын толықтыру жөнiндегi жұмысты күшейтсін;
- үй-үйді ұдайы аралауды және электрондық шаруашылық кітаптарды дұрыс жүргізуді қамтамасыз етсін;
- жергілікті қоғамдастықтардың қызметін жандандыру, оларды жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылауға және шешуге кеңінен тартсын;
- елді мекендерді абаттандыру, аумақтардың санитарлық және эстетикалық жай-күйін жақсарту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырсын;
- пайдаланылмайтын және қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды анықтау жөніндегі жұмысты жандандыру, оларды тиісті жағдайға келтіру немесе заңнамада белгіленген тәртіппен оларды бөлшектеу жөнінде шаралар қабылдасын;
- уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп бос тұрған және пайдаланылмайтын жер учаскелерiн шаруашылық айналымға тарту жөнiндегi жұмысты жүргiзсін;
- «Шортанды ауданының полиция бөлімі» ММ бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алуды, сондай-ақ абаттандыру Ережелерін бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтсін;
- табиғи қоқыс тастайтын жерлерді анықтау және жою жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ олардың қайта пайда болуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға, халық арасында санитарлық нормалар мен абаттандыру ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;
- кентішілік жолдарды дамыту және күтіп ұстау, сондай-ақ оларды уақтылы жөндеу мен тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;
- жаңа шамдар орнатуды және қолданыстағы жарықтандыру жүйелерін жаңғыртуды қоса алғанда, елді мекендерді көшеде жарықтандыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;
- уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықты сумен жабдықтау сапасын жақсарту және сумен жабдықтау объектілерін жаңғырту жөнінде жұмыс жүргізсін;
- тұрғындардың сапалы ұялы байланысқа және интернет желісіне қолжетімділігін кеңейтуге, оның ішінде байланыс операторларымен өзара іс-қимыл арқылы жәрдемдесін;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейтсін;
- білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының тұрақты жұмыс істеуі үшін проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетсін;
- «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен бірлесіп жастардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бірлесіп, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды аяқтасын;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюға жол бермеу жөнінде халық арасында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізсін;
- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен бірлесіп, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың (мысықтар, иттер) санын реттеу жөніндегі жұмысты күшейтсін, халық арасында үй жануарларын жауапты ұстау, оларды тіркеу және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ және «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бірлесіп, халықты мал жаю үшін жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету мәселелерін шешсін;
- әкімдер аппараттарының қызметін цифрландыру, ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықтың ашықтығы мен хабардар болуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтсін;
- «Шортанды ауданының полиция бөлімі» ММ және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында елді мекендерде, ең алдымен қоғамдық орындарда, жүріп өту мүмкіндігі жоғары көшелерде, әлеуметтік нысандардың маңында бейнебақылау жүйесін орнату және кеңейту мәселесін пысықтасын;
- жергілікті қоғамдастықпен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесіп, зираттардың аумақтарын абаттандыру және қоршау, сондай-ақ оларға кіреберіс жолдарды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін қарасын;
- белгіленген іс-шаралардың іске асырылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етсін және олардың орындалу барысы туралы аудандық мәслихат депутаттарын үнемі хабардар етіп отырсын.
3. Осы қаулының іске асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты
комиссияның төрағасы Е. Шахметов