Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 8С-49/3 "Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

Шортанды аудандық мәслихатының

2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2

«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 646 291,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 873 000 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 16 000 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 746 291,8 мың теңге;

2) шығындар – 3 646 291,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 153 816 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 233 550 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 79 734 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-153 816) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 153 816 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихат төрағасының у.м.а.

 

 

Ғ. Даитова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

13 ақпан 2026 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
18 февраля 2026