Шортанды аудандық
мәслихатының сегізінші
шақырылымы төрағасының
уақытша міндетін атқарушыны
анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5-тармағына және 2013 жылғы 3 желтоқсандағы мәслихаттың үлгі регламентіне сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін сегізінші шақырылымның соңына дейін депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғалия Төлешқызы Даитовамен уақытша жүзеге асырылады.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова