№ 8С-48/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымның

кезектен тыс қырық сегізінші

сессиясының күн тәртібін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс қырық сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы төрағасының уақытша міндетін атқарушыны анықтау туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                        Г. Сәдуақасова

Дата публикации
02 февраля 2026