Құрметті Сағындық Серікбайұлы, депутаттар мен шақырылғандар!
Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту, жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту мақсатында 5 жылдан бері барлық ауылдық округтерде дербес бюджет енгізілгені баршаға мәлім.
Осы уақыт ішінде бөлек жұмыс істегенде, жалпы алғанда, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған қаржыны тиімді пайдаланады деп айтуға болады.
Дербес бюджеттің қабылдануы жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде әкімдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Азаматтардың өз елдi мекендерiн дамытуға бағытталған шешiмдердi қабылдау процесiне қатысуына мүмкiндiк бердi. Дербес бюджеті бар әкімдер жергілікті салықтардың уақытылы түсуін қамтамасыз етуге, салық салынатын базаны ұлғайтуға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және округ аумағына инвестициялар тартуға барынша ықпал етуге мүдделі екеніне сенімдімін, өйткені бұл округ бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді, демек, ауылды дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін мүмкіндіктер көп болады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 92-бабының 7-тармағына сәйкес аудандық мәслихат маған бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы ретінде алдағы үш жылдық қаржы кезеңіне арналған кенттер, ауылдық округтер бюджетінің жобасы бойынша осы қорытындыны енгізуге уәкілеттік берді.
Аталған жоба аудандық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қарастырылып, алдын ала талқылаудан өтті. Әкімдер өз тәжірибесінде кездесетін қиындықтар да бар. Олардың бірі - мемлекеттік дерекқорларға қолжетімділіктің болмауы. Бұл мәселе туралы біз дербес бюджетке көшудің басынан бері айтып келеміз. Жақында бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астанада өткен ауыл әкімдерінің форумында әкімдердің бірі айтқан болатын. Бұл мәселе енді тез арада шешіледі деп сенемін, себебі Мемлекет басшысы бейінді министрліктерге тиісті тапсырма берді. Президент өз сөзінде «Халқымыздың тамыры ауылда» деп атап өтіп, ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығын растады және ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру үшін бюджеттің төртінші деңгейіне салық пен төлемдердің 25 түрі берілгенін еске салды. Иә, салықтар олар құрылған жерде жұмыс істеуі тиіс. Салықтар ауылда қалғанда, олар жөнделген жолдарға, сапалы ауыз су жүйесіне, табиғи газға, көшелерді жарықтандыруға, спорт кешендері мен мәдениет үйлеріне, жаңарған инфрақұрылымға айналады.
Осыған байланысты ауылдық округ әкімдері үшін тағы бір проблеманы атап өткім келеді - бұл округ аумағында ұзақ уақыт тұрмайтын тұлғалардың салық бойынша қарызы. Округ мамандары өздерінің атқарған жұмыстары туралы салық органдарына мәлімет береді, салық органдары өз кезегінде жұмыстың өз бөлігін орындайды. Нәтижесінде борышкерлер қайтадан базада пайда болады, бұл мәселені қалай шешуді ойластыру керек, бәлкім, заң жүзінде. Келесі проблема - бұл жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың төмен коэффициенті, бұл тұрғын үй құрылыстарын білдіреді. Қолданыстағы коэффициенттер бойынша салықтар шамалас төмен. Бұл өз шешімін табатын тағы бір мәселе.
Ал бүгін бізге атқарушы билік тармағымен бірлесіп, алдағы жылдары кенттер мен ауылдық округтерге өмір сүріп, жұмыс істеуге тура келетін теңгерімді нақты бюджетті қабылдау қажет.
Шортанды ауданының кенттері мен ауылдық округтері бюджетінің 2026-2028 жылдарға арналған жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жоспарланған.
Негізгі параметрлерді талдау бюджет жобасы негізінен әкімдер аппараттарын ұстауға, абаттандыруға, жарықтандыруға, автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне, автомобиль жолдарын жөндеуге және ауданның елді мекендерін санитарлық тазалауға бағытталғанын көрсетеді.
Барлық бюджет жобалары жергілікті қоғамдастық жиналыстарында талқыланғанын атап өткен жөн. Бюджеттің атқарылуы округ әкімінің аппаратына жүктеледі. Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделерін ескере отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін тетіктер көзделген.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары Шортанды ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджетін бекітуге ұсыныс енгізеді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне оны іске асыруда табыс тілейді.
Назарларыңызға рахмет!