№ 8С-47/3 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп туралы

 

 

Тұрақты комиссия төрағасы Ғ.Т. Даитованың депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған тұрақты комиссияның (бұдан әрі - тұрақты комиссия) жұмысы туралы баяндамасын тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты тұрақты комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізгенін атап көрсетеді.

Тұрақты комиссияның қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Шортанды аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тұрақты комиссияның төрағасы Ғ.Т. Даитованың атқарған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.

2. Тұрақты комиссияға:

- өз қызметінің басым бағыттары бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруға, жұмыс әдістерін жетілдіруге, тұрақты комиссия мүшелерінің тапсырылған жұмыс учаскесі үшін дербес жауапкершілігін арттыруға;

- Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулыларын іске асыру жөніндегі бөлім басшыларының есептерін комиссия отырыстарында тыңдау практикасын жалғастырсын;

- көшпелі отырыстар өткізу практикасын кеңейту, оның ішінде мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен бірлескен жұмыс топтарын құруды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың, жұртшылықтың қатысуымен халықтың өзекті мәселелері мен проблемаларын зерделеу мақсатында кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

- халықтың шешім қабылдауға неғұрлым белсенді қатысуы мақсатында жаңа әдістер мен тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолдану;

- отырыстардың онлайн-трансляцияларын өткізуді тұрақты негізде практикаға енгізуге;

- жыл ішіндегі жұмысты талдай отырып және келесі есепті кезеңге арналған өз жоспарларын айқындай отырып, қорытынды отырыстар өткізуге;

- өз округінің сайлаушыларымен тұрақты негізде байланыс жасауға, комиссияның жұмысы туралы хабардар етуге және өзінің депутаттық қызметін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жария ету.

3. Жергілікті атқарушы органға:

-        Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ұсынымдарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

- басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде тұрақты комиссия отырыстар, сапарлар қорытындылары және аудандағы ахуалды талдау бойынша тұжырымдаған қорытындыларды, ұсынымдар мен ұсыныстарды ескеру;

- депутаттарға тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралуға тиіс материалдарды алдын ала зерделеу, сараптамалық бағалау және негізделген ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында уақтылы және толық ұсынуды қамтамасыз ету.

4. Тұрақты комиссияның төрайымы Ғ.Т. Даитова тұрақты комиссия қаулыларының орындалу (ұсынымдардың іске асырылу) мониторингін жүйелі негізде қамтамасыз ету.

5. Осы шешімнің іске асырылуын бақылау тұрақты комиссияның төрағасы Ғ.Т. Даитоваға жүктелсін.

6. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                  Г. Сәдуақасова

 

 

 

Дата публикации
06 января 2026