Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымның
кезекті қырық жетінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті қырық жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.
Ақпарат беруші: Ж.Қ. Мұнтаева – аудандық «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
2. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп.
Ақпарат беруші: Ғ.Т. Даитова - аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы.
3. Шортанды ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
4. «Шортанды ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № А-8/179 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 7С-27/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. 2026 жылға арналған аппараттың құрылымы мен штатын, аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге, оның аппаратын ұстауға арналған шығыстарды бекіту туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова