Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 "2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі

2026-2028 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 642 797 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 873 000 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 16 000 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 742 797 мың теңге;

2) шығындар – 3 642 797 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 153 816 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 233 550 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 79 734 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-153 816) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 153 816 мың теңге.

2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте 749 772 мың теңге сомасында жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.

3. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 86 654 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Новокубанка ауылдық округі – 15 668 мың теңге;

Петровка ауылдық округі – 11 678 мың теңге;

Андреевка ауылдық округі – 12 987 мың теңге;

Раевка ауылдық округі – 13 757 мың теңге;

Пригородный ауылдық округі – 18 197 мың теңге;

Новоселовка ауылдық округі – 14 367 мың теңге.

4. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке көлемі 64 541 мың теңге сомасында берілетін бюджеттік алып қоюлар көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Шортанды кенті – 38 447 мың теңге;  

Жолымбет кенті – 26 094 мың теңге.

5. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 233 550 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер ескерілсін.

6. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 79 734 мың теңге сомасында ескерілсін.

7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 500 мың теңге сомасында ескерілсін.

8. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 60 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

9. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

10. 2028 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 5 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

11. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті бюджет қаражаты есебінен нысаналы трансферттер, тиісінше 6 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

12. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Г. Сәдуақасова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

19 желтоқсан 2025 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
25 декабря 2025