БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Шортанды ауданының әкімдігі
Шортанды кенті
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ А-3/240 қаулы
Шортанды аудандық мәслихаты
Шортанды кенті
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 8С-45/4 шешім
«Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық
округінің Бозайғыр ауылы мен
Төңкеріс бекетінің шекараларын
(шегін) белгілеу туралы» бірлескен
Шортанды ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ А-4/116 қаулысы мен Шортанды
аудандық мәслихатының 2015 жылғы
14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс бекетінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4833 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2 қосымшалары осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Шортанды ауданының
әкімі С. Шабаров
Шортанды аудандық
мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова