№ 8С-45/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымның

кезектен тыс қырық бесінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс қырық бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/2 «2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары О.П. Какорина.

2. 2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

3. «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс бекетінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Н.Б. Қантаев.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова

Дата публикации
03 декабря 2025