Депутаттық өкiлеттiк пен әдеп, жастар iсi, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртiбi мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 21 қарашасындағы № 10 Шортанды к.
««2024 жылғы 8 қарашадағы №12 қаулының орындалу барысы туралы» Шортанды ауданында әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерінде меншіктік барлық нысандары 2024-2025 жылғы жылыту маусымының өту барысы туралы» және ағымдағы жылыту маусымында өткізілетін іс-шаралар туралы
Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. А. Колесниковтың «Шортанды ауданында 2024-2025 жылдардағы барлық меншік нысандарындағы әлеуметтік-мәдени нысандардағы жылыту маусымының өту барысы туралы» 2024 жылғы 8 қарашадағы № 12 қаулысының орындалу барысы туралы және ағымдағы жылыту жылында өткізілетін іс-шаралар туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келіп, тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдар жаңа жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті іс-шаралар жүргізгенін атап өтті.
Әлеуметтік сала нысандарының басым бөлігінде жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жүргізілді: жылу желілерінің жөндеу жұмыстары, жылу жүйелерінің тығыздығы мен беріктігіне сынақтар жүргізілді.
Білім бөлімінің мәліметінше, жылу беру маусымына 92,5% нысан дайын. Қазіргі таңда көмір жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына отынды уақытылы жеткізу жұмыстары жалғасуда.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі қазандықтар қажетті қатты отын қорымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, бірқатар нысандар бойынша көмірді қосымша жеткізу және жекелеген жөндеу іс-шараларын аяқтау қажеттілігі анықталды.
Ауданда жөндеу және қайта жаңарту мерзімдерін ауыстыру, құжаттаманы уақтылы дайындамау және отын қорларын қалыптастыру үрдісі сақталып отыр, оларды іске тиісті түрде қараған кезде алып тастауға болады. Бұл кейбір сала объектілерінің жылу беру маусымына жеткіліксіз дайындалуына әкеледі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. А. Колесниковтың «Шортанды ауданында 2024-2025 жылдардағы барлық меншік нысандарындағы әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарда жылу беру маусымының өту барысы туралы» 2024 жылғы 8 қарашадағы № 12 қаулының орындалу барысы туралы және іс-шаралар туралы және ағымдағы жылыту жылында өткізілетін іс-шаралар туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Тұтастай алғанда, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді дайындаудың қанағаттанарлық деңгейі белгіленсін.
3. Шортанды ауданының әкімдігіне, «Ақмола облысы білім беру басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімі» ММ (Н.Н. Шахметов), «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ (Е.Т. Сәбитов), ШЖҚ МКК «Шортанды аудандық ауруханасы» (Н.М. Шагиров), ШЖҚ МКК «Шортанды Су» ШЖҚ МКК (Б.Т. Қазкенов) ұсынылсын:
- В.П.Кузьмин атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Дамса ауылындағы «Балауса» балабақшасын орталық жылытуға қосу жөніндегі жұмыстарды жеделдету;
- барлық әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілер үшін қатты отынның барлық көлемінің сапасы мен уақтылы жеткізілуіне қатаң бақылауды қамтамасыз ету;
- 2025-2026 ж. жылыту кезеңінде үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жоғары тозуды ескере отырып, «Демалыс орталығы» ҚТБ тозған қазандық жабдықтарын (қазандықтарды) ауыстыру туралы мәселені пысықтау;
- тұрғындармен, әкімшілік ғимараттармен және көппәтерлі үйлердің иелерімен коммуналдық қызметтер үшін берешектерді өтеу және жылу желілеріне рұқсатсыз қосылуды болдырмау жөніндегі шараларды түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыру;
- барлық коммуналдық қазандықтарда жылу тасымалдағыштың температуралық режиміне тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету;
- анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-шараларды аяқтау;
- оқу орындарында нормативтік температураны ұстап тұруды қамтамасыз ету;
- әлеуметтік сала объектілерінде жылу маусымының аяқталуына дейін мониторинг жүргізуді жалғастыру;
- қазандықтарды қызмет көрсетуші персоналмен, яғни от жағушылармен қамтамасыз ету жөніндегі кадр мәселесін алдын ала шешу.
4. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (А.В.Колесниковқа) жылыту маусымының өткізілуіне бақылауды күшейтсін.
5. Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (А.В. Колесниковқа) және Шортанды, Жолымбет кенттерінің және Дамса ауылдық округінің әкімдері азаматтарды ЖТЖ артықшылықтары туралы хабардар етуді, меншік иелерінің жиналысына бастамашылық жасауға көмек көрсету, осы жиналыстарды өткізуге жәрдемдесу, сондай-ақ АҚЖ-ны мемлекеттік органдарда тіркеу бойынша іс-шаралар өткізу.
6. Осы қаулының іске асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына қалдырылсын.
Тұрақты
комиссияның төрағасы Ғ. Даитова