Шортанды ауданында оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режимін қолдану кезінде
салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Шортанды ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін есепті салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендету.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Г. Сәдуақасова |