Шортанды ауданын
басқару сызбасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45, 46, 47-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімінің ұсыныстар негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданын басқару схемасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №7С-18/8 «Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова