№ 8С-43/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс қырық үшінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/6 «Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № С-64/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

Дата публикации
03 ноября 2025