Шортанды аудандық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2
«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 2 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 205 503,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 644 607 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 656 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 529 240,5 мың теңге;
2) шығындар – 6 238 670,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-119 259) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 35 388 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 154 647 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 86 092,2 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-86 092,2) мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Г. Сәдуақасова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
11 қыркүйек 2025 жыл
_____________ С. Шабаров