Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерді орындау туралы

Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,

ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2025 жылғы 18 тамыз № 8                                               Шортанды к.

 

 

Шортанды ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі көрсеткіштерді орындау туралы

 

 

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.К.Мұнтаеваның «Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдап, Шортанды ауданының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.К.Мұнтаеваның «Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының әкімдігіне және ауданның жергілікті атқарушы органдарына:

- Шортанды ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі басым міндеттерді іске асыру мақсатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға, кәсіпкерлікті, әлеуметтік саланы және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қосымша шаралар қабылдасын;

- технологиялық жаңғырту мен цифрландыруға байланысты бұрын іске асырылған және енгізу жоспарланған іс-шаралар есебінен ірі кәсіпорындарда өнеркәсіптік өндіріс пен еңбек өнімділігінің өсуінің оң қарқынын сақтауды қамтамасыз ету;

- мал шаруашылығы саласында қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;

- инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру және оларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;

- шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту;

- білім беру сапасын арттыру, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

- мемлекеттік балабақшалар мен мектептерді бейнебақылау камераларымен 100% жабдықтауды, білім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеулерді уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

- өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың белсенді шараларына тарту;

- тұрақты негізде аз қамтылған отбасылар арасында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бейімдеу іс-шараларын жүргізуді бақылауға алу;

- дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтарды қамтуды ұлғайту және қазіргі заманғы спорт объектілерінің желісін кеңейту;

- саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді және аудан жастарын рухани-адамгершілік тәрбиелеуді нығайтуға бағытталған ішкі және жастар саясаты саласындағы жұмысты жалғастыру.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Е.Н. Шахметов).

 

 

Тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                Е.Шахметов

 

 

 

Дата публикации
08 сентября 2025