№ 8С-40/4 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4

«Шортанды аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына және 19 бабының 6 тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының (бұдан әрі - УСК) шығып қалғандардың орнына келесі мүшелері сайлансын:

- № 702 УСК Бижанова Сәния Күпейқызының орнына Қасенова Гаухар Қонысбайқызы;

- № 705 УСК Голумбовская Светлана Валерьевнаның орнына Юнкер Александр Альбертович;

- № 723 УСК Қамешева Гүлнар Қайриденқызының орнына Башурова Татьяна Валерьевна;

- № 771 УСК Мүсрәлімова Арайлым Адамбекқызының орнына Гапоненко Марина Анатольевна.

2. Қажет болған жағдайда Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының ұйымдастыру отырыстары 2025 жылдың 29 тамызына дейін өткізілсін.

3. Осы шешімнің көшірмесі Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.

4. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

Дата публикации
02 сентября 2025