Шортанды аудандық мәслихатының депутаты С.В. Кучальскийдің 2025 жылғы 30 мамырдағы Шортанды аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясында «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» және «2024 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» мәселелері бойынша сөйлеген сөзі

Кучальский С.В.: Құрметті Президиум! Құрметті депутаттармен қатысушылар!

Баядамамды ресми тілде жасауға рұқсат етуді сұраймын!

Жергілікті атқарушы органдардың аудандық бюджетті атқару жөніндегі аудандық мәслихат сессиясында бекітілген жыл сайынғы есептері атқарушы биліктің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша атқарған жұмыстарының нәтижелі нысаны болып табылады. Халықты әлеуметтiк қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған негiзгi мiндеттердi шешу нақ осы теңгерiмдi бюджетте жатыр.

Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық корпусы бюджетті дайындау мен әзірлеудің бастапқы кезеңінде тиісті жұмысты жүзеге асырады. Біз, депутаттар бюджетті қалыптастыру үшін ортақ жауапкершілікте боламыз, өйткені біз оны зерттейміз, толықтырамыз, бекітеміз және алдағы уақытта оның шығыстарын заңнама мен біздің құзыретіміз шеңберінде бақылаймыз.

Аудан бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қоғамдық сараптамадан өтуде, онда біз оны алдын ала талқылап, нақтылап, түзетеміз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеру комиссиясының қорытындысы бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында талқыланғанын, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы мәселелері Қоғамдық кеңеспен бірлескен отырыста қаралғанын атап өткен жөн.

Осының бәрі бізге ақша қаражатын бөлудің іс жүзіндегі негізділігін мұқият зерттеуге және дамудың негізгі басым бағыттарын ұжымдық анықтауға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың нәтижесінде біз жыл сайын әлеуметтік бағдарланған бюджет аламыз.

Бюджет шығыстарын қалыптастыру кезінде мәслихат депутаттары ауданымыздың халқын әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау, көлік инфрақұрылымын дамыту салаларындағы, сондай-ақ бірқатар өңірлік проблемаларды көтеруде. Айта кету керек, өкілді органдардың бірде-бір ұсынысы назардан тыс қалмайды.

Өкінішке орай, бюджет қаржылық жағынан шектеулі, алайда, бюджеттің кіріс бөлігі 101,0% -ға орындалды. Осыдан келіп шығатыны, 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің шамамен 6 млн. теңгеге ұлғаюы есебінен, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан 71 млн. теңгеге меншікті кірістердің өсуі байқалады.

2024 жылы аудандық бюджет шығындары 99,3% -ға орындалды. 2023 жылмен салыстырғанда шығындар 6,3% -ға ұлғайды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындардың көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттердің азаюына және кіріс бөлігінің азаюына байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан 230 млн. теңгеге азайды.

Бюджет қаражатының жүйелі негізде игерілмеуінің негізгі себептері жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындамауы, өтпеген конкурстар болып қала береді.

Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын дебиторлық қарыздарға бақылауды күшейтуі қажет.

Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары 4 бағыттан тұрады - оларда 39 негізгі ұлттық индикатор бар. Олардың ішінде аудан деңгейіне дейін жеткізілген 10 негізгі ұлттық индикатор, оның ішінде 14 нысаналы индикаторға қол жеткізілді - 5 немесе 35,7%, қол жеткізілген жоқ - 3 (немесе 21,4%), статистикалық деректер жоқ - 4 (немесе 28,6%). (көзделмеген - 2 (немесе 14,3%).

Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы, инвестициялардағы, құрылыс жұмыстарының көлеміндегі, кәсіпкерліктегі, көтерме және бөлшек тауар айналымындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін атап өтеміз, бұл ретте өнеркәсіптегі көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілді.

Ағымдағы, бекітілген бюджетте өз көзқарасын таппайтын ауыспалы мәселелер ұмытылғандар санатында қалмай, керісінше, кезек күттірмейтін, бірінші кезектегі міндеттерді шешу жағдайына байланысты бақылауға алынады және бюджетті нақтылау кезінде немесе одан кейінгі кезеңдерде шешіледі, бұл бүгінгі баяндамадан анық көрінеді.

Біз көтерілген мәселелердің барлығы бірдей 100% шешімін таппайтынын түсінеміз, бірақ біз оларды орындауға тырысамыз және бұл жерде біздің ауданның атқарушы органдарымен толық өзара түсіністік табамыз.

Мен мүше болып табылатын бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес отырыстар өткізді, онда аудандық бюджетті нақтылау мен атқаруға байланысты мәселелер бірнеше рет қаралды.

Жарғылық капиталға инвестицияларды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту, барлық жоспарланған нысаналы индикаторлар мен іс-шараларға қол жеткізу мәселелерін ерекше бақылауға алу ұсынылды. Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген салық түсімдерін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды пайда түсіретін кәсіпорындардың санын ұлғайта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, өз өндірісінің және жергілікті қамтудың азық-түлік өнімдерін өндіру және ілгерілету жөніндегі жұмысты жандандыру, бағдарламалар әкімшілерінің кредиторлық берешегін азайту жөнінде шаралар қабылдасын, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдеріне және т.б. тұрақты бақылау жүргізсін. Бюджеттің жоғары тұрған бюджетке тәуелділігін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды. еңбекақы төлеу қоры бойынша қосымша резервтерді іздестіруді ұлғайту есебінен, мүлік салығы, пәтерлерді жалға беретін тұлғаларды анықтау, салықтық әкімшілендіруді жақсарту және аудан бюджетіне берешекті азайту жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның өсуіне жол бермеу және толық жою мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдау.

2024 жылға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес жоспарланған және бекітілген және дербес атқарушы органдардың штат санының лимитіне сәйкес есептелген.

Жоғарыда айтылғандай, бюджет әлеуметтік бағдарланған және заңда көзделген міндеттемелерді орындауға бағытталған.

 

Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары:

1. Шортанды ауданы әкімінің м.а. Ш.Х.Ахметованың «2024 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы» баяндамасы назарға алынсын.

2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шортанды ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын.

3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсынымдарын және Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірін ескере отырып, «Шортанды ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есеп аудандық мәслихат шешімінің жобасына сәйкес көлемде бекітілсін.

4. Шортанды және Жолымбет кенттерінің, Дамса, Новокубан, Петровка, Андреев, Раев, Пригородный, Новоселов ауылдық округтерінің, Бозайғыр және Бектау ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер аудандық мәслихат шешімінің жобасына сәйкес көлемде бекітілсін.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
27 июня 2025