Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 8С-39/2 "Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

Шортанды аудандық мәслихатының

2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 054 868 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 579 607 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 18 656 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 443 605 мың теңге;

2) шығындар – 6 088 034,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-119 259) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 35 388 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 154 647 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 86 092,2 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-86 092,2) мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 92 647 мың теңге сомасында есепке алынсын.»;

11-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11-1. 2025 жылдың 1 қаңтарында қалыптасқан жағдай бойынша аудандық бюджетте 33 166,8 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтары есепке алынсын.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Г. Сәдуақасова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

20 маусым 2025 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
27 июня 2025