№ 8С-37/4 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының бюджет,

әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,

жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері

 жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған

жұмысы туралы есеп туралы

 

 

Шортанды аудандық Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының атқарған жұмысы туралы есебін тыңдап, талқылай келіп Шортанды аудандық мәслихаты тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және сегізінші шақырылған Шортанды аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес жүргізілетінін атап көрсетеді.

Есепті кезеңде бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 5 отырыс өткізді, оның ішінде 8 мәселе қаралды:

- Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы;

- Аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы;

- Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының 2023 жылға арналған бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы және игерілуі бойынша есебі;

- «Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің 2023 жылға арналған аудан бюджетіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді алудың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;

- Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2023 жылға арналған бюджеттердің атқарылуы туралы есептері;

- Шортанды ауданының тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы;

- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

- 2025-2027 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы.

Тұрақты комиссияның өткізілген отырыстары туралы ақпараттық материалдар Шортанды аудандық мәслихатының интернет-ресурсында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі беттерінде, сондай-ақ депутаттардың жеке беттерінде жарияланады.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тұрақты комиссияның төрағасы Е. Н. Шахметовтың атқарған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.

2. Жергілікті атқарушы орган Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының ұсынымдарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Тұрақты комиссияға:

- өз құзыреті шегінде бақылауды күшейту және өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру;

- жұмыс әдістерін жетілдіру, тапсырылған жұмыс учаскесі үшін тұрақты комиссия мүшелерінің дербес жауапкершілігін арттыру.

- Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулыларын іске асыру бойынша бөлім басшыларының есептерін комиссия отырыстарында тыңдау тәжірибесін жалғастыру;

- қаралып отырған мәселелерді жан-жақты зерделеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар объектілер мен іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды аралау арқылы ауылдық округтерге тұрақты комиссияның көшпелі отырыстарының тәжірибесін кеңінен пайдалану.

4. Тұрақты комиссияның төрағасы Е. Н. Шахметов тұрақты комиссияның қаулыларын орындау (ұсынымдарды іске асыру) мониторингін жүйелі негізде қамтамасыз етсін.

5. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасов

 

Дата публикации
25 июня 2025