2024 жылға арналған аудандық
бюджеттің атқарылуы туралы
жылдық есепті бекіту туралы
Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізгенін атап өтті.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2023 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді. Аудан бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі үй шаруашылықтарын есепке алғанда қолданыстағы бағамен 2024 жылы 126 770,7 млн. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 92,8% -ды құрады (2023 жылы - 123 801,8 млн. теңге).
2024 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 41 537,9 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 180,5% құрайды.
Мал шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылға қарағанда 3 101 млн. теңгеге (2023 жылы - 10 413,6 млн. теңге) азаюмен 7 312,6 млн. теңгені құрады.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 20 524,6 млн. теңгеге ұлғаюмен 34 215,2 млн. теңгені құрады (2023 жылы - 13 690,6 млн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14 024,5 млн. теңгені, НКИ - 132,4% құрады (2023 жылы - 10 409,7 млн. теңге, НКИ - 47,7%).
Құрылыс жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 7 698,6 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,8% -ды құрады (2023 жылы - 5 843,9 млн. теңге).
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 1 091,6 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6% -ды құрады.
2024 жылға арналған аудандық бюджет аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешімімен бекітілген.
2024 жылы аудандық бюджетті нақтылау 8 рет жүргізілді, жүргізілген нақтылаулар аясында Шортанды ауданы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулылары қабылданды.
2024 жылы аудандық бюджет 9 рет түзетілді.
Түзетілген жоспар кірістер бойынша 7 503 344,4 мың теңгені, шығыстар бойынша 7 666 461,8 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары тұтастай алғанда 99,4% -ға орындалды, бюджетке 7 458 360,8 мың теңге түсті, оның ішінде өз кірістері жоспарланған 2 407 150,0 мың теңге кезінде 98,1% -ға орындалды, 2 362 166,4 мың теңге сомасында түсті немесе жоспар 44 983,6 мың теңгеге орындалмады.
Трансферттердің түсімі 100% -ды немесе 5 096 193,5 мың теңгені құрады.
2024 жылы аудандық бюджет шығындары 99,2% -ға орындалды. 2023 жылмен салыстырғанда (7 303 401,8 мың теңге) шығындар 7 606 301,9 мың теңгені құрады. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындардың көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттердің азаюына және кіріс бөлігінің азаюына байланысты бастапқы бекітілген шығыстардан (8 168 893,0 мың теңге) 502 431,2 мың теңгеге азайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 128-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ «Шортанды ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданы әкімінің м.а. Ш.Х.Ахметованың «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шортанды ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есеп-қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 7 458 360,8 мың теңге, оның ішінде;
салықтық түсімдер - 2 261 602,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 19 664,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 80 899,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 096 193,5 мың теңге;
2) шығындар - 7 606 301,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 3 889,7 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 107 828,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 103 938,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-151 830,8) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 151 830,8 мың теңге.
4. Ұсынылсын:
1) аудан әкімдігі:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің әзірленуі мен атқарылуын қамтамасыз ету;
- жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кiрiс бөлiгiн толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнiндегi жұмысты жүргiзу;
- бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау;
2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ:
- бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және орындау нәтижелеріне назар аударсын, ағымдағы жылға арналған аудан бюджетін жоспарлау және орындау барысында Тексеру комиссиясының ұсынымдарын ескерсін;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуін бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын.
5. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасов