№ 8С-38/1 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/8 шешімі;

2) «Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/8 «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 8С-6/4 шешімі.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

Дата публикации
13 июня 2025