Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселе туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихатының регламентімен және Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына мынадай мәселе енгізілсін:
1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
Баяндаушы: Шортанды ауданының әкімі С.С. Шабаров.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова