Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 22 сәуір № 4 Шортанды к.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының
2023 жылғы 20 қарашадағы № 12 «Шортанды ауданындағы
Кондоминиум объектілері басқармасының жаңа нысандарына (МИБ, ҚС) көшу жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» қаулысының іске асырылу барысы туралы
«Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. А. Керімбаевтың аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 12 «Шортанды ауданындағы Кондоминиум объектілері басқармасының жаңа нысандарына (МИБ, ҚС) көшу жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» қаулысының іске асырылу барысы туралы ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. А. Керімбаевтың ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының әкімдігіне және Шортанды ауданының «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (А. А.Керімбаевқа) ұсынылсын:
- тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- пәтер иелері бірлестіктерінің әртүрлі нысандарын құру (атап айтқанда Шортанды кентінде), кондоминиум объектілерін ұстауға қаражат аудару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын ашу бойынша жұмысты жандандыру;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі қағидаларды сақтау жоспарында мүлік меншік иелері бірлестіктерінің (МИБ), қарапайым серіктестіктердің (ҚС) және тікелей бірлескен басқармалардың (ТББ) қызметін тұрақты бақылауда ұстауға;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен жиналыс шешімі негізінде тиісті өтініш түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау жөніндегі шығыстарды дайындауды және өтеуді қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;
- тұрақты негізде кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық саладағы заңнамалық инновациялар туралы МИБ төрағаларымен, ҚС сенімді тұлғаларымен және пәтер иелерімен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төраға Е. Н. Шахметов) жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Е. Шахметов