Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 22 сәуірдегі № 5 Шортанды к.
Ақмола облысы Шортанды ауданының
2024 - 2029 жылдарға арналған
коммуналдық қалдықтарын басқару
жөніндегі бағдарламаның
іске асырылу барысы туралы
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А. А. Керімбаевтың Ақмола облысы «Шортанды ауданының 2024-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ауданның атқарушы органдары осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.
Қазіргі уақытта Шортанды ауданының аумағында 9 тарихи қоқыс үйіндісі мен 3 ҚТҚ полигоны бар.
Тарихи қоқыс тастайтын жерлер Раевка, Андреевка, Петровка, Новоселовка, Бектау, Пригородное, Ключи, Новокубанка және Мыктыкөл ауылдарында орналасқан. Тарихи үйінділердің ауданы 5-тен 10 га дейін.
ҚТҚ полигондары Шортанды және Жолымбет кенттерінде орналасқан.
Алаңы 30 га полигон «Алтыналмас» ҰК» АҚ-ға тиесілі Жолымбет кентінің маңында орналасқан.
Алаңы 10 га және Төңкеріс ауылынан батысқа қарай 1,6 км қашықтықта орналасқан полигон бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Қазіргі уақытта Төңкеріс ауылында ҚТҚ полигонының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бүгінгі таңда жоба бойынша экологиялық сараптама алынды, қоғамдық тыңдаулар өткізілді, жоба мемлекеттік сараптамадан өтуге жіберілді.
Коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін Шортанды кентінен солтүстік бағытта 3,2 км қашықтықта орналасқан, «Шортанды Су» ШЖҚ МКК теңгерімінде орналасқан алаңы 10 га полигон бар. Полигонда жинақталған қалдықтардың көлемі шамамен 20 000 тоннаны құрайды. Жыл сайын қалдықтарды шығару 2000-2500 тоннаны құрайды.
Қалдықтарды жинаумен және тасымалдаумен «Шортанды Су» ШЖҚ МКК айналысады. Орталықтандырылған жиынмен Шортанды, Жолымбет, Научный кенттері мен Дамса ауылы қамтылған. Барлығы 327 қоқыс контейнерлері орнатылды. Биыл алаңдарда қақпағы бар 70 дана көше қоқыс контейнерлерін орнату жоспарланған.
Сондай-ақ, Бағдарламаны іске асыру үшін қоқыс шығарушы ұйым қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы бойынша көлемдерге мониторинг жүргізіп, есеп жүргізуде.
2024 жылы аудан аумағында қалдықтарды орналастырудың 13 рұқсатсыз орны анықталды. Жыл қорытындысы бойынша барлық қоқыс тастайтын жерлер жойылды.
Аудан аумағында қалдықтарды қабылдау мен сұрыптаудың 3 пункті (Научный, Шортанды, Жолымбет кенттері) жұмыс істейді.
Сонымен бiрге, халықты тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүйесiнiң, сондай-ақ мамандандырылған алаңдардың болмауы және полигондардың қашықтығы рұқсат етiлмеген үйiндiлердiң өсуiне алып келедi.
Қажетті техникалық базаның болмауына, сондай-ақ электрмен жабдықтауға, сумен жабдықтауға және кәрізге қосылу қиындықтарға байланысты органикалық қалдықтарды бөлек жинау, оларды сұрыптау, қайталама пайдалану жүзеге асырылмайды.
Ауылдық округтерде коммуналдық қалдықтарды ұйымдасқан түрде жинау және тасымалдау жоқ. Ауылдық әкімдіктер қалдықтарды жинауға арналған орындарды 29 елді мекеннің 12-сінде белгіледі. Тұрғындар қоқысты қандай да бір есептеусіз жинау үшін белгілі бір жерлерге өз бетінше шығарады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.А. Керімбаевтың ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының әкімдігіне және «Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не (А.А.Керімбаевқа):
- Ақмола облысы Шортанды ауданының 2024-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру және оның нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы ұлттық стандарттарды қатаң сақтауға;
- коммуналдық қалдықтарды басқару объектілерін салуға және (немесе) орналастыруға, оның ішінде контейнерлік алаңдар мен қайталама шикізатты қабылдау пункттерін жайластыруға жер учаскелерін бөлу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- коммуналдық қалдықтарды жою және көму объектілерінің құрылысын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес коммуналдық қалдықтардың айналымына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға, оларды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға дайындау деңгейін арттыруға және көмуге жататын коммуналдық қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық құралдарды әзірлеу, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында тарифті бөлу тәртібін айқындау;
- коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, оның ішінде қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін тасымалдауды және жинақтауды көздейтін ұтымды және экологиялық қауіпсіз жинау жүйесін ұйымдастыруға;
- коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою жөніндегі қызметті, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру, оның ішінде қайта өңдеу және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтардың санын сәйкестендіру мақсатында халықты тіркеу туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- тұрақты негiзде кенттер мен ауылдық округтердiң әкiмдерiмен бiрлесiп, бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудiң ұтымды жүйесi туралы халықты хабардар етсiн.
3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты:
- органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компосттау жолымен ынталандыру;
- коммуналдық қалдықтарды тұрақты шығаруды ұйымдастыру;
- коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- коммуналдық қалдықтарды заңсыз жағудың алдын алу және жолын кесу.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Е.Н. Шахметов) жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Е. Шахметов