№ 8С-36/7 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С – 37/2 «Шортанды ауданының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

Шортанды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 16 қаңтардағы

№ 7С – 37/2 «Шортанды ауданының

аудандық мәслихат депутаттарын

сайлау жөніндегі округтік сайлау

комиссияларының құрамдарын сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан РеспубликасыКонституциялық Заңының 10 - бабының 3 - тармағына және 19 - бабының 6 - тармағына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданы бойынша №8 аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшесі шығыпқалғанның орнына сайлансын:

- Ильясова Загипа Талипқызының орнына Шермағамбетова Айнұр Ғалымжанқызы.

2. 2025 жылғы 30 сәуірге дейін Шортанды ауданы бойынша № 8 аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының ұйымдастыру отырысын өткізу.

3. Осы шешіснің көшірмесі Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

4. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

Дата публикации
28 апреля 2025