Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/2 «2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Амантай Ж.
3. Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/3 ««AMANAT» Партиясы» депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С – 37/2 «Шортанды ауданының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ басшысы С. Қ. Әкімжанова.
7. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ басшысы С. Қ. Әкімжанова.
8. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
9. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің жоюы туралы.
10. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қантардағы № 8С-33/5 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
12. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/8 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтініштерін қарастыру жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
13. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/9 «Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша және оларға куәліктер беру жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
14. Шортанды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің жоюы туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова