№ 8С-35/3 шешім (Шортанды ауданы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдары жұмысының жай-күйі туралы)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-тармағына, 33-бабының 1-1-тармағына сәйкес «ҚР ІІМ Ақмола облысы полиция департаменті Шортанды ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Шортанды ауданының полиция бөлімі) бастығы Е. К. Оразбаевтың «Шортанды ауданы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдары жұмысының жай-күйі туралы» есебін тыңдап, талқылай отырып, Шортанды аудандық мәслихаты Мемлекет басшысының ішкі істер министрлігі органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын іске асыру бойынша белгілі бір оң жұмысты атап өтеді.

Мәселен, 2024 жылы ауырлығы төмен, ауырлығы орташа қылмыстар саны азайды. Бұрын жасаған және мас күйінде жасаған кәмелетке толмаған адамдар жасаған қылмыстар айтарлықтай қысқарды. Қоғамдық орында және отбасылық – тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар іс жүзінде 2023 жылдың деңгейінде қалды.

Есепті кезеңде балалардың қатысуымен ЖКО тіркелген жоқ.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қарақшылық, бопсалау, тонау, бұзақылық сияқты қылмыстарға жол берілмеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жасалған қылмыстар бойынша ауылдық округтер бөлінісінде жедел жағдайды талдау келесідей:

- Шортанды кентінде 144 қылмыс жасалды;

- Бозайғыр ауылдық округінде 6 қылмыс жасалды;

- Жолымбет кентінде 16 қылмыс жасалды;

- Дамсы ауылдық округінде 3 қылмыс жасалды;

- Петровка ауылдық округінде 4 қылмыс жасалды;

- Андреевка ауылдық округінде 1 қылмыс жасалды;

- Бектау ауылдық округінде 10 қылмыс жасалды;

- Раевка ауылдық округінде 2 қылмыс жасалды;

- Новокубанка ауылдық округінде 3 қылмыс жасалды;

- Пригородное ауылдық округте 1 қылмыс жасалды;

- Научный кентінде 2 қылмыс жасалды;

- Новоселовка ауылдық округінде 4 қылмыс жасалды.

Тергеу бөлімінің іс жүргізуінде 348 қылмыстық іс, 169 істің өсуі немесе 47,7% болды. 59 қылмыстық іс жүргізумен аяқталды, 6 іс немесе 16,5% - ға төмендеді. Сотқа 10 іс жіберілді.

Айыппұлдарды өндіріп алуды арттыру үшін тұрақты негізде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. 3 295 азаматқа 52 507 832 теңге сомасында әкімшілік жаза қолданылды, 2 817 азаматтан 43 661 728 теңге сомасында өндіріп алынды, өндіріп алу пайызы 83,2% -ды құрайды.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 773 фактісін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша уақытылы тіркемегені үшін 90 шетелдік тартылды. 2024 жылы сот шетелдіктерге қатысты 19 шешім шығарды, оның ішінде 18 шетелдік азамат шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша барлық шаралар қабылдануда. Есепті кезеңде барлығы 5 757 256 теңге сомаға 53 әкімшілік айыппұл салынды, өндіріп алу 100%.

Өткен, 2024 жылы аудан аумағында 28 интернет-алаяқтық тіркелді (2023 ж. - 28).

Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, 2023 жылмен салыстырғанда жасалған қылмыстардың жалпы өсуіне 63,7% жол берілді (2023 жылы - 137, 2024 жылы - 215). Жасалған ауыр санаттағы қылмыстардың (25-тен 133-ке дейін), оның ішінде зорлаудың (0-ден 1-ге дейін), алаяқтықтың (32-ден 147-ге дейін) өсуі тіркелді. Көшелерде, алаңдарда жасалған қылмыстардың саны екі есе артты (6-дан 9-ға дейін).

Есептік кезеңде жол-көлік оқиғаларының өсуіне жол берілді (2024 жылы 34, 2023 жылы 30), онда 2 адам қаза тауып, 55 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Жасалған қылмыстар бойынша ауылдық округтер бойынша жыл қорытындысы бойынша жедел жағдайды талдау да көңілсіз болды. Мәселен, ең көп қылмыс Шортанды кентінде (144), Жолымбет кентінде (16) және Бектау ауылдық округінде (10) жасалған.

Қазіргі уақытта Новоселовка, Новокубанка және Научныйдағы учаскелік инспекторлардың орындары бос болып табылады. Петровка ауылдық округінің учаскелік инспекторында бөлме жоқ. Олардың жұмысын материалдық-техникалық базаның жеткiлiксiз деңгейi, әлеуметтiк қорғалудың төмен болуы қиындатады, учаскелiк инспекторлардың көпшiлiгiнiң бүгiнде өз үйi жоқ.

Ауылдық округтердегі елді мекендердің аумақтары мен жолдарын бейнекамералармен жабдықтау мәселесі өткір тұр.

Жеке тұлғалардың алкоголь өнімін, оның ішінде суррогат өнімін, түнгі уақытта заңсыз сату фактілері әлі де бар, ал осы бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың үлесі аз.

Кейбір ауылдық округтерде учаскелік полиция инспекторларының ауылдық округтер әкімдерімен халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу, абаттандыру, ауыл аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерінде бірлескен қызметі жеткіліксіз екені байқалады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданының полиция бөлімінің бастығы Е. Қ. Оразбаевтың «Шортанды ауданы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдары жұмысының жай-күйі туралы» есебі назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының полиция бөліміне (Е.Қ. Оразбаевқа):

- құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін мақсатты түрде жүзеге асыруға;

- ауданда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз ету;

- тікелей жеке қатысуымен халықпен тұрақты кездесулер практикасын жалғастыру, халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен ескертулердің мұқият қаралуын қамтамасыз ету;

- азаматтардың полицияға сенімін арттыру және полицияның қоғаммен серіктестігі үшін қабылданатын шешімдердің ашықтығын және жүргізіліп жатқан саясаттың жариялылығын қамтамасыз ету;

- отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін тұрақты төмендету және зорлық-зомбылық құрбандарына ерте араласу және көмек көрсету жүйелі жұмысты ұйымдастыру;

- қолайсыз отбасыларда тұрақты негізінде профилактикалық жұмыс жүргізуге, қақтығыс жағдайларының ерте кезеңде алдын алуды қамтамасыз ету. Есеп беретін адамдармен тұрмыстық, «мас» және қайталама қылмыстардың алдын алу бойынша жеке-профилактикалық жұмысты ұдайы жүргізсін;

- Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерінің аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында учаскелік полиция инспекторларының ауылдық округ әкімдерімен, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерімен, ауданның басқа да ұйымдарымен, мекемелері мен кәсіпорындарымен, сондай-ақ ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастығымен, ауданның Қоғамдық кеңесімен өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету;

- кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде болу фактілерін анықтау, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату мақсатында апта сайынғы рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыру;

- интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің және ақпараттық коммуникациялық ортадағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру;

- ауданда орнатылған барлық жол белгілерінің жол қозғалысы қағидаларына сәйкестігін және олардың жол қозғалысына қатысушылардың сақталуын талдау;

- 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізу немесе жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту.

3. Шортанды ауданының әкімдігіне:

- Шортанды ауданының полиция бөлімімен бірлесіп аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырылсын;

- ауданның ірі елді мекендерінде техникалық параметрлері жоғары денгейіндегі қосымша бейнебақылау камераларын орнату үшін қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылсын;

- Шортанды ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен өзара іс-қимылды күшейте отырып, оларды құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиялардың, Үйлестіру және Қоғамдық кеңестің жұмысына белсенді тарта отырып, жергілікті полиция қызметі жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлей отырып, жергілікті полиция қызметі бөлімі жұмысының индикаторларын уақтылы талдасын;

- тиiстi әлеуметтiк жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларымен өзара iс-қимыл жасау кезiнде ауылдық елдi мекендерге қызмет көрсететiн учаскелiк полиция инспекторларына қызметтiк тұрғын үй бөлу туралы мәселенi шешу.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Ғ. Даитова).

5. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

Дата публикации
07 апреля 2025