Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың 2024 жылғы қызметі туралы есебін тыңдап, Шортанды аудандық мәслихаты есепті өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге бағытталған белгілі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
2024 жыл ішінде мәслихаттың 18 сессиясы өткізілді, онда аудан өмірінің түрлі салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде: 6 кезекті және 12 кезектен тыс мәслихат сессиясы өткізілді. Барлығы 99 мәселе қаралды.
Сессия барысында аудандық бюджеттін және кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін қалыптастыру және оларды орындау мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 2024 жыл ішінде аудандық бюджетті нақтылау 8 рет, төртінші деңгейдегі бюджетке 4 рет жүргізілді.
Өткен жылы аудандық мәслихат депутаттары 287 азаматты қабылдады. Оның ішінде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де азаматтар қабылданды. Жалпы, 80% мәселе оң шешілді.
Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша әртүрлі қыметтерге жазбаша сауалдар жолданады, есепті кезеңде 67 депутаттық сауал жолданды.
Депутаттар жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету, мектептерді жылумен жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту, жолаушылар тасымалы және басқа да көптеген мәселелерді үнемі көтеріп отырады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс барысында Бозайғыр ауылында дене шынықтыру - сауықтыру кешенін салу, Жолымбет ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары, Научный және Дамса елді мекендеріндегі кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары, Дамса ауылына орталық қазандық пен жылу желілерін салу сияқты ірі жобаларды жүзеге асыруға қол жеткізілді.
Новокубанка ауылында дәрігерлік амбулатория, Ключи ауылында және Төңкеріс станциясында фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы аяқталды.
жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген қаражатына Ключи ауылында су тарату желісінің құрылысы өтіп жатыр.
Шортанды кентінің су желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, ағымды сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін 2024 жылы жергілікті бюджеттен 57,7 млн.теңге бөлінді.
Бозайғыр ауылы мен Төнкеріс станциясында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген қаржыға кіреберіс жолы бар ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданымыздың барлық ауылдарында жол жөндеу жұмыстары жүргізілді – 2,2 млрд. теңгеге 18 шақырым ауылішілік жол жөнделді, оның 370,0 млн.теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.
Ауданның 6 елді мекенінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді (Пригородное, Петровка, Андреевка, Шортанды, Бектау, Дамса).
Жолдарды күпіп ұстау, толтыру және шұңқырларды жөндеуге 32,8 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді. 10 елді мекендерде жұмыстар өткізілді (Шортанды, Научный, Дамса, Андреевка, Октябрьское, Қара-Адыр, Раевка, Бозайғыр, Бектау, Жолымбет).
Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 12 отырысы, 2 депутаттық сағат өткізілді, 22 мәселе қаралды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Сессияның барлық отырыстары тікелей онлайн көрсетілімде өтті.
Халықты барынша Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және аудандық газет беттерінде мәслихат аппараты жергілікті БАҚ-пен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және мәслихаттың атқарған жұмысы туралы ақпаратты өзінің ресми сайтында тұрақты түрде жариялайды. Әрбір депутат өзінің депутаттық қызметін әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Ә. Сәдуақасованың есебі назарға алынсын.
2. Шортанды аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Ә. Сәдуақасова депутаттар мен аудандық мәслихат аппараты жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін одан әрі енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын, ол үшін:
- депутаттардың өз өкілеттіктерін, сайлауалды бағдарламаларын орындаудағы белсенділігін үнемі арттыруға қол жеткізсін;
- депутаттарға сайлаушылармен байланысты нығайтуға және азаматтарды тұрақты қабылдауды ұйымдастыруға ықпал етсін;
- аудандық мәслихаттың қабылданатын шешімдерінің, тұрақты және уақытша комиссиялардың қаулылары мен қорытындыларының орындалуын бақылау жүйесін жетілдірсін;
- депутаттардың сауалдарының қаралуын және олардың сайлауалды бағдарламаларының орындалуын бақылауды жақсартсын;
- азаматтардың өтініштері мен өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды күшейтсін;
- жұмыс әдістерін жетілдіру, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және тапсырылған жұмыс үшін олардың дербес жауапкершілігін арттыру практикасын жалғастырсын.
3. Депутаттарға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданында өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға белсенді қатысу, ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдіктерімен белсенді ынтымақтасу ұсынылсын. Бюджетті қабылдау және ұсыныстарды қалыптастыру кезінде объектілерге құжаттаманың болуын, сұралған сомаларды, мәселенің өзектілігін талдасын.
4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне аудандық мәслихаттың депутаттарын бюджетті қалыптастыру және оның орындалу мониторингі жөніндегі жұмысқа тарту ұсынылсын.
5. Аудандық мәслихаттың депутаттары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру практикасын жалғастыру.
6. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова